"Қазығұрт ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру және санитарлық тазалау жұмыстары, инженерлік коммуникациялар күтіп ұстау мен қорғау, мал дәрігерлік заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі ережелер туралы" Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 32/250-III шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы мәслихатының 2009 жылғы 30 қазандағы N 24/192-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 желтоқсанда N 14-6-84 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 маусымдағы N 34/252-IV шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010.06.29 N 34/252-IV шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Қазығұрт ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру және санитарлық тазалау жұмыстары, инженерлік коммуникациялар күтіп ұстау мен қорғау, мал дәрігерлік заңдарды сақтау және иттер мен мысықтарды күтіп ұстау жөніндегі ережелер туралы» № 32/250-ІІІ Қазығұрт аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-34 нөмірмен тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінің 2007 жылғы 16 ақпанында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі «мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздерімен толықтырылсын.
      Аталған шешіммен бекітілген № 1 қосымшада:
      бірінші абзацта:
      «Қоршаған ортаны қорғау туралы» деген сөздер «Экологиялық кодексі» деген сөздерімен, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» деген сөздер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» деген сөздерімен;
      11 тармағының 9 және 13 тармақшаларындағы «тиым салынады» деген сөздер «рұқсат етілмейді» деген сөздерімен;
      16 тармақшасының 4 абзацындағы «міндетті» деген сөз «тиіс» деген сөзбен;
      18 тармақшасындағы «міндетті болып табылады» деген сөздер «басшылыққа алынады» деген сөздерімен;
      21 тармақшасындағы «сақтамағандар» деген сөз «сақтамағандарға» деген сөзбен, «баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады» деген сөздер «баптары қолданылады» деген сөздерімен ауыстырылсын.
      № 2 қосымшада:
      2 тармағының 3 және 4 тармақшаларындағы «міндетті» деген сөз «тиіс» және «қажет» деген сөздерімен;
      6 тармақшасындағы «тиым салынады» деген сөздер «рұқсат берілмейді» деген сөздерімен;
      8 тармақшасындағы «міндетті» деген сөз «тиіс» деген сөзімен;
      9 тармақшасындағы «тиым салынады» деген сөздер «рұқсат етілмейді» деген сөздерімен ауыстырылсын.
      Ақырғы абзацтағы «азаматтар» деген сөз «азаматтарға» деген сөзбен, «бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады» деген сөздер «бабы қолданылады» деген сөздерімен ауыстырылсын.
      № 3 қосымшада:
      Бірінші абзацта:
      «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» деген сөздер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
      Ақырғы абзацтағы «азаматтар» деген сөз «азаматтарға» деген сөзбен, «бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады» деген сөздер «бабы қолданылады» деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Н.Аширов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А.Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады