Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009.07.01 N 22-168-IV Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген мұқтаж азаматтарға тұрғын үй көмегін беру қағидасы бекітілсін.
2. "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру қағидасы туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 4-21-IV (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-55 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 8 ақпандағы "Мақтаарал" газетінде ресми жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: С. Мелдеханов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы: Ж. Әбдәзімов