Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қазандағы N 24-179-IV Шешімі және Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 826 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қарашада N 14-7-107 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5-1 тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Жетісай қаласының жаңа мөлтек ауданындағы атаусыз көшелеріне Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Шәмші Қалдаяқов, Тәуке хан, Қасым хан, Қажымұқан Мұңайтпасов, Мұстафа Шоқай, Бөгенбай батыр, Кеңесары хан, Қабанбай батыр, Исатай Тайманов, Ілияс Есенберлин, Біржан сал, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуов, Бұқар жырау, Санжар Асфендияров, Ахмет Жұбанов, Сабыр Рақымов, Жалаңтөс баһадүр, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Есімхан, Әлихан Бөкейханов, Райымбек батыр, Абылай хан, Дәулеткерей, Сұлтан Бейбарыс, Төлеген Тоқтаров, Оралхан Бөкеев, Қорқыт ата, Ақын Сара, Естай, Жәнібек батыр, Балуан Шолақ, Ықылас, Мұстафа Өзтүрік, Ораз Жандосов, Жаяу Мұса, Түркеш, Айқожа Ишан деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы     Э.Темірбаева

      Аудан әкімі                                Қ.Хаметов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ж.Әбдәзімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады