Ескерту. Күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 15-90-V шешімімен).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 19-131-IV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-7-74 нөмірмен тіркелген, 2009 жылғы 27 наурыздағы "Мақтаарал" газетінде ресми жарияланған) 1-тармағындағы "383-баптарында белгіленген" деген сөздерден кейін "автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда", деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: Ә.Асауов
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Ж.Әбдәзімов