Ескерту. Күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 29.03.2013 № 15-90-V шешімімен).
"Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Салық кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген автотұраққа, паркингке, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2009.12.24 N 27-200-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.12.22 N 40-269-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: С. Мелдеханов
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Ж. Әбдәзімов