Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, А.Қалыбеков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты:
Жаңа жол ауылындағы атауы жоқ көшесіне Игілік;
Прогресс ауылындағы атауы жоқ көшесіне Серікбай Ысқақов;
Үлгілі ауылындағы атауы жоқ көшесіне Орда;
Октябрьдің 40 жылдығы ауылындағы атауы жоқ көшесіне Арай деген атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі: Ж. Сатбаев