Ауыл көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Достық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 12 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда N 14-7-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Достық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Достық ауылдық округіне қарасты:
      Ж.Қалшораев ауылындағы Ф.Дзержинский көшесіне Жастар;
      Ж.Қалшораев ауылындағы Советская көшесіне Ынтымақ;
      Ж.Қалшораев ауылындағы К.Маркс көшесіне Бейбітшілік;
      Ж.Қалшораев ауылындағы Макаренко көшесіне Елімай деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі:                      А. Арапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады