Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты:
Ынтымақ ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Бейбарыс, Баян сұлу, Достық, Астана, Отан, Әл-Фараби, Парасат;
Әбдіхалық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Манап, Ақберген, Үшқоңыр, Ғаламшар, Әз Тәуке, Болашақ;
Мырзашөл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бәйтерек, Еркеназ;
Жаңа ауыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Байқоңыр, Достар, Ұлы Жібек жолы, Қазығұрт;
Атақоныс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Абылай, Қобыланды, Барыс, Думан, Баян ауыл;
Қарой ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақ алтын, Ақмарал, Алатау, Бурабай деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі З.Бектурсынов