Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жылысу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жылысу ауылдық округіне қарасты:
Мырзашоқы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Болашақ, Ардагерлер, Наурыз, Ынтымақ, Молшылық, Өркениет, Ақ ниет, Береке;
Әл-Фараби ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жастар, Достар, Береке деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі А.Ширинбеков