Асықата кентінің көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Асықата кенті әкімінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі N 105 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда N 14-7-92 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Асықата кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Асықата кентінің атауы жоқ Жоба көшесіне Тәуелсіздік;
      Асықата кентінің атауы жоқ Жоба көшесіне Бейбітшілік;
      Асықата кентіндегі Жоба көшесіне Жаңа құрылыс;
      Асықата кентіндегі Жоба көшесіне Достық;
      Асықата кентіндегі Жоба көшесіне Болашақ;
      Асықата кентіндегі Жоба көшесіне Жастар деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Асықата кенті әкімінің орынбасары Н.Әбдірайымға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кент әкімі:                                Қ. Ақышев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады