РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ынтымақ ауылдық округіне қарасты:
Өркенді ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Шамғон, Қайсар;
Көрікті ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бостандық, Бейбітшілік, Тәуелсіздік, Жаңа дәуір, Ақсу, Сарыарқа, Құлшеке, Мелдеби, Жезбике ана Қоңырат;
Талапты ауылындағы атауы жоқ көшесіне Бәйдібек;
Ақниет ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Игілік, Ақши;
Үш көпір ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақкөл, Қарақойлы, Қауыншы, Баймұрат;
Әден ата ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Диірмен, Достық, Болашақ, Иірлі деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі: Б.Сериков