Ауыл көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Абай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 26 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қыркүйекте N 14-7-86 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Абай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Абай ауылдық округіне қарасты:
      Алтын кемер ауылындағы атауы жоқ көшеге Қасым Аманжолов;
      Алтын кемер ауылындағы Киров көшесіне Ләззат Асанова;
      Халықтар достығы ауылындағы Зоя Космодемьянская көшесіне Жүсіпбек Аймауытов;
      Халықтар достығы ауылындағы Комсомол көшесіне Шыңғыс Айтматов;
      Халықтар достығы ауылындағы Цветочная көшесіне Гүлдәурен;
      Халықтар достығы ауылындағы Первое мая көшесіне Мағжан Жұмабаев;
      Халықтар достығы ауылындағы Дружба көшесіне Достық;
      Халықтар достығы ауылындағы Молодежная көшесіне Жастар;
      Халықтар достығы ауылындағы Ордженикидзе көшесіне Сұлтанмахмұт Торайғыров;
      Халықтар достығы ауылындағы Чапаев көшесіне Ілияс Жансүгіров;
      Халықтар достығы ауылындағы Терешкова көшесіне Мәншүк Мәметова;
      Халықтар достығы ауылындағы Титов көшесіне Шәкәрім Құдайбердыұлы;
      Халықтар достығы ауылындағы Юбилейная көшесіне Сәкен Сейфуллин;
      Халықтар достығы ауылындағы Чехов көшесіне Саттар Ерубаев;
      Жүзімдік ауылындағы Садовая көшесіне Дина Нұрпейісова;
      Жүзімдік ауылындағы Мир көшесіне Шоқан Уалиханов;
      Жүзімдік ауылындағы Зоя Космодемьянская көшесіне Қалижан Бекхожин;
      Жүзімдік ауылындағы Гагарин көшесіне Бейімбет Майлин;
      Жүзімдік ауылындағы Горький көшесіне Бәйтерек;
      Отан ауылындағы Солнечная көшесіне Әлия Молдағұлова;
      Отан ауылындағы Ташкентская көшесіне Мұстафа Шоқай;
      Отан ауылындағы Виноградная көшесіне Наурыз;
      Бейбітшілік ауылындағы Октябрьдің 70 жылдығы көшесіне Ғабит Мүсірепов;
      Бейбітшілік ауылындағы Зеленая көшесіне Дінмұхаммед Қонаев;
      Бейбітшілік ауылындағы Заводская көшесіне Шәмші Қалдаяқов;
      Бейбітшілік ауылындағы Интернациональная көшесіне Тұрар Рысқұлов;
      Бейбітшілік ауылындағы Строительная көшесіне Ілияс Есенберлин деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

      Ауылдық округі әкімі:                      Н.Усембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады