Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қызылқұм ауылдық округіне қарасты:
Ақтөбе ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Арай, Байеділ, Қуаныш, Шапағат;
Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кәсікер, Мәдениет, Нұрсәуле;
Қызылту ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қауыншы, Мақташы, 22-наурыз, 9-мамыр;
Қосқұдық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алтын, Жаңа жол, Мырзашөл, Астана, Желтоқсан;
Молшылық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ардагер, Дихан, Көкмайса;
Ақжайлау ауылындағы атауы жоқ көшесіне Ұлы жібек жолы;
Қазақстан 60ж. ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кең дала, Арайлы, Тың дала;
Қарасақал ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Аұқшағала, Гүлдәурен, Бейбіт, Жағажай, Наурыз;
Мақталы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бірлік, Ынтымақ, Жастар;
Еңбекші ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақтерек, Береке, Азаттық, Баянды, Ынталы;
Первомайское ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Білім, Үркер, Саяжай, Жаңа талап;
Жалпаққұм ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бәйтерек, Достық;
Түркебай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жанармайлы, Бақ-береке;
Датқа ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Атақоныс, Жібек жолы, Тәуелсіздік, Қазақстан;
Көбек ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жеңіс, Молшылық, Мақталық;
Киров ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Сарқырама, Су құлама, Жүзімдік деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім орынбасары Н.Қойлыбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі Ә.Молдаханов