Ауыл көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Мақталы ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 17 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда N 14-7-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мақталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Мақталы ауылдық округіне қарасты:
      Алтынсарин ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жібек жолы, Көктем, Бейбітшілік, Атамұра, Ынтымақ, 8-Наурыз, Жаңа құрылыс, Шұғыла;
      Ғани Мұратбаев ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Достық, Ынтымақ, Болашақ, Арай, Желтоқсан, Егемен, 9-Мамыр, Жаңа құрылыс, Еңбекші;
      Тың ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Тәуелсіз, Астана, Отан, 1-Мамыр, Болашақ, Бәйтерек;
      Мақталы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ордабасы, Бәйтерек, Атамекен, Тәуелсіздік, Бейбітшілік, Алтын арай, Мақташы, Наурыз, Достық, Жастар, Береке, Шапағат;
      Чехов ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ордабасы, Бәйтерек, Атамекен, Болашақ, Ынтымақ, Сырдария, Бірлік, Шұғыла, Самал;
      Теміржол ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жеңіс, Қарқаралы, Азаттық, Ақшуақ, Берекелі;
      Алмалы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Түркістан, Астана, Мақтаарал, Отырар, Желтоқсан, Мырзашөл, Сарыарқа, Бейбітшілік, Алмалы, Көктем, Достық, Алматы, Жібек жолы деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі:                      А. Дауренбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады