Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Нұрлыбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты:
Ынталы ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Мамыр, Мәдениет;
Мырзатөбе ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қазақстан, Жастар, Береке, Бәйтерек, Алғабас;
Өркен ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Достық, Жастар, Береке, Ынтымақ;
Қарақыр ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алтын, Достар, Нұрлы жол, Бейбітшілік;
Ырысты ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алғабас, Қазақ, Дихан, Мақта, Айжарық, Қырман;
Өнімкер ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ақ алтын, Ақ терек, Наурыз деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім орынбасары Б.Жиенбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі Д.Толыбаев