Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекші ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Еңбекші ауылдық округіне қарасты:
Т.Жайлыбаев ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Желтоқсан, Алаш, Бәйтерек, Астана, Алматы, Бірлік, Атамұра, Қызыл күншығыс, Достық;
Нұрлы таң ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Атамекен, Ынтымақ, Шапағат;
Шұғыла ауылындағы атауы жоқ көшелеріне 9-мамыр, Көктем, Береке, Жас талап;
Жантақсай ауылындағы атауы жоқ көшесіне Мерей;
Жаңа тұрмыс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Наурыз, Еңбекшіл деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі: З. Темиров