Атакент кентінің көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Атакент кенті әкімінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі N 60 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қыркүйекте N 14-7-88 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Атакент кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Атакент кентінің атауы жоқ көшесіне Нұрлы жол;
      Атакент кентіндегі атауы жоқ көшесіне Ордабасы;
      Атакент кентіндегі Новостройка көшесіне Тәуелсіздік;
      Атакент кентіндегі Школьная көшесіне Болашақ;
      Атакент кентіндегі Жоба көшесіне Жібек жолы деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Кент әкімі:                                Д.Мамутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады