Ауыл көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 29 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда N 14-7-96 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауылдық округіне қарасты:
      Кеңесшіл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кемер, Нұртас, Жас ұлан, Ізгілік, Қызыл жаға, Низам, Игілік, Азат, Замана, Би, Сымбат, Саялы, Сабырлы;
      Прогресс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жалын, Молшылық, Алға, Ырысты, Шамшырақ, Өрлітөбе, Барыс, Мейрам, Ұлағат, Ұлан, Шарайна;
      Тегістік ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көрікті, Қаратал, Нұрауыл, Мөлдіртас;
      Абай ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көкорай, Ақдала, Жазықсай, Кеңөлке, Шапағат деген атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі:                      Б. Маханбетов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады