Ауыл көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігі Бірлік ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі N 18 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қыркүйекте N 14-7-85 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бірлік ауылдық округіне қарасты:
      Еркінабад ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жаңа құрылыс, Береке, Жастар;
      Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Достық, Ынтымақ, Жұлдыз, Жасшуақ;
      Қоңырат ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Наурыз, Болашақ деген атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

      Ауылдық округі әкімі:                      Н.Тұрашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады