Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мақтаарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал ауылдық округіне қарасты:
Мереке ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бейбітшілік, Достық, Қамқор, Береке, Өркен;
Көкарал ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Алға, Мереке, Дихан, Табысты, Көкарал;
Мәдениет ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Тұлпар, Бақыт, Наурыз, Жеңіс, Гүлдер, Мәдениет, Мамыр, Мерей, Нұр;
Шаттық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Кәсіпкер, Шаттық, Мақсат;
Ақ алтын ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Атамекен, Сәуір;
Өркениет ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Ардагер, Үлгілі;
48-база ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Желтоқсан, Оқытушылар, Ынтымақ;
Оқу кварталы ауылындағы атауы жоқ көшесіне Оқу кварталы;
Қазақ ССР-інің 40-жылдығы ауылындағы Тәуелсіздік, Ынталы, Сәулет, Думан, Ықылас;
Ел қоныс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Молшылық, Бірлік;
Амангелді ауылындағы атауы көшесіне Бостандық;
Игілік ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Түркістан, Ақниет, Игілік, Шұғыла Қанағат, Арай;
Есентаев ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қазақстан, Жастар, Ұлан, Бастау, Бәйтерек;
Еңбекші ауылындағы атауы жоқ көшесіне Еңбекші;
Жұлдыз ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Жалын, Өргебас;
Азаттық ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Азаттық, Таңшолпан, Нұрсат, Көрікті, Сұңқар деген атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі: Қ. Сыздықов