Тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 14/3 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 14-8-62 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 39/13 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 39/13 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексiнің (Салық кодексі) 422 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Ордабасы ауданында орналасқан салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Е. Раманқұл

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ғ.О. Аташов

Ордабасы аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 14/3 шешімімен бекітілген

      Тіркелген салық ставкалары                     

Р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген жиынтық салық ставкасы айына (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

20

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады