Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Бадам ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 17/6 шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі N 203 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 мамырда N 14-8-68 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5) тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Бадам ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 200 гектар жер телімі алынып, Бадам ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 200 гектар жер телімі қосылып, Бадам ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.       

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс XVII сессиясының төрағасы              Б. Тәйтелі

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ғ. Аташов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады