Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жаңаталап ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 140,0 гектар жер телімі алынып, Жаңаталап және Игілік ауылдарының шегіне енгізілсін.
2. Жалпы көлемі 140,0 гектар жер телімі қосылып, Жаңаталап ауыл округіне қарасты Жаңаталап және Игілік ауылдарының шегі өзгертілсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: М.Оспанбеков
Аудандық мәслихаттың хатшысы: Т.Төлендиев