Бадам ауылының шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 17 наурыздағы N 18-196/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 наурыздағы N 3 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 сәуірде N 14-10-116 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 – бабының 5 - тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Бадам ауыл округі аумағынан жалпы көлемі 206,7 гектар жер телімі алынып, Бадам ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 206,7 гектар жер телімі қосылып, Бадам ауылының шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Оспанбеков

      Аудан әкімі                                М. Әлі

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Т. Төлендиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады