Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 107, 108 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Ошақты ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 15 қазандағы N 247 ұсынысы негізінде Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ошақты ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 134,0 га жер учаскесі Сарыжылға ауылының шегіне енгізіліп, аталған ауылдың шектері өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ә. Тастанбеков
Аудан әкімі Ұ. Сәдібеков
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Қаипов