Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012.02.08 № 82 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы N 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-11-98 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 8 сәуірде "Сарыағаш" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың екінші абзацындағы "ауданның бюджетінде" деген сөздер, "бюджетте" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "мөлшерінде белгіленсін" деген сөздер, "мөлшерінен кем емес болып белгіленсін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмiнің міндетін уақытша атқарушы: Б. Парманов