Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 100 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда N 14-12-67 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2010 жылғы 19 наурыздағы N 173 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2010.03.19 N 173 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХІV
      кеңейтілген сессиясының төрағасы           С. Таңатов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               А. Аймұрзаев

Cозақ аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 қаңтардағы
N 100 шешімімен бекітілген

Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға
      тұрғын үй көмегін беру Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес әзірленді.  1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегі - халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, жергілікті телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлем ақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік төлем ақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы төлеуге беріледі;
      2) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезіндегі тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілген көмектер (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы), жерлеуге байланысты және бала туғанда берілетін біржолғы төлемдер, төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасыға көрсетілген көмектер мен жер үлесінен, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты қоспағанда, есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері есепке алынады;
      3) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды және коммуналдық қызметтерге тұрғын үй көмегін есептеу үшін қолданылады;
      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырушы ауданның атқарушы органы;
      5) уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
      6) өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам.

      2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      2. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (жеке тұлғаларға) беріледі.
      Егер, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлем ақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегіндегі) отбасы жиынтық табысының 20 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      3. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші (қосымша жалға беруші), сондай-ақ жалдауға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, жеті жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органында тіркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      4. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына және төленуіне апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда отбасы алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      5. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      6. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.

      3. Тұрғын үй көмегіне өтініш беру тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) тұрғын үй меншік иесінің (жалға алушының) өтініші;
      2) отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (жаңа үлгідегі азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесіне ауыл (село), поселке әкімінің анықтамасы;
      3) отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтамалар.
      Өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс азаматтардың жазбаша өтінішімен расталады;
      4) тұрғын үйдің құжаты (тұрғын үйдің ордері, үйдің жоспары (төлқұжаты), жекешелендіру, сатып алу-сату, сыйға тарту, мұраға қалдыру, жалға алу туралы шарт);
      Тұрғын үй иесі болып табылмайтын тұлғалар және тұрғын үйді жалдаушы, жалға алушы болып табылатын тұлғалар уәкілетті органға тұрғын үй иесінің мүдделерін білдіруге қатысты сенімхат (тұрғын үй көмегін алуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге).
      5) жергілікті телекоммуникациялар желілерінің абоненттері екендігін растайтын құжат;
      6) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылғанын растайтын анықтамалар (құжаттар);
      7) балалардың туу туралы, неке қию туралы, немесе оның бұзылғандығы туралы, N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері;
      8) өтініш берушінің жеке куәлігі, әлеуметтік жеке код (ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      кондоминиум объектісінің қатысушылары үшін:
      9) кондоминиум объектісінің қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
      10) сараптамадан өтіп, мөрмен куәландырылған көппәтерлі үйдің әрбір күрделі жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
      11) төленген төлемі көрсетілген, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге өтініш берушінің жұмсаған шығындарын өтеу қажеттігі туралы кондоминиум төрағасынан анықтама – қолдаухат;
      12) кондоминиум қатысушысының үлес мөлшері көрсетілген, заңнамаларға сәйкес тіркеуден өткен кондоминиумның техникалық төлқұжаты (паспорт);
      13) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісі.
      8. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      9. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      10. Уәкілетті орган көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексереді, оларды тіркейді және өтініштің нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтініш берушіге береді.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телефон үшін абоненттік төлем ақы тарифінің көтерілуінің сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаражат шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
      Кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығын өтемақысы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) төлеген жағдайда өтеледі.
      12. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға, жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлем ақы тарифінің көтерілуіне өтемақы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржы мен отбасының жиынтық табысының 20 пайызы арасындағы айырма сомасында тағайындалады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тұрғын үй көмегін алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарына ақы төлеу азаматтарға жалпы негіздерде жүргізіледі.
      15. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етуге міндетті.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі.
      Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау есебін жүргізу барысында,коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері (орта мөлшері) коммуналдық қызметтер ұсынатын деректері негізінде айқындалады,қыс мезгілінде жылыту үшін қатты отынды тұтынудың мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.

      5. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      18. Тұрғын үй көмегін төлеу алушының таңдауы бойынша уәкілетті ұйым арқылы, өзі таңдаған ұйымдағы жеке шотының деректерін көрсете отырып берген өтініші негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      19. Тұрғын үй көмегін төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.
      20. Тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасын алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.

      6. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін жауапкершілік

      21. Уәкілетті органдар мен уәкілетті ұйым тиісінше тұрғын үй көмегін тағайындаудың, төлеудің және берудің уақытылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады