Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 12/91-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда N 14-13-50 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 38/179-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 38/179-V шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
      (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 422 бабы 2 тармағына сәйкес, тіркелген салық ставкаларының мөлшері төмендегіше белгіленсін:
      Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы үшін 2 айлық есептік көрсеткіш;
      біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы үшін 2 айлық есептік көрсеткіш;
      ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер үшін 2 айлық есептік көрсеткіш;
      бильярд үстелі үшін 5 айлық есептік көрсеткіш.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Т. Әмірәлиев. 

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ә. Шыңғысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады