Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2010.11.09 N 473 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 2 қыркүйек N 2-4/539 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққұм, Зертас ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұрғындардың уақ малдары арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы (Б. Тұрғымбеков келісімі бойынша) назарына уақ малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының алдын-алу және таратпау мақсатында атқарылатын іс-шаралар жоспарын дайындау ұсынылсын.
3. Ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторынан (О. Сүттібаев келісімі бойынша) шектеу қойылған аумақта мал қозғалысын қатаң бақылауға алып, індеттік байланыс тобына әсер ететін ветеринариялық жұмыстарды атқару сұралсын.
4. Аудандық медицина бірлестігінен (М. Жолтаев келісімі бойынша), аудандық санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан (Н. Нышанов келісімі бойынша), Аққұм, Зертас ауыл округіндегі тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту, бруцеллез (сарып) ауруымен ауырған және аурулармен қатынаста болғандарды медициналық байқаудан өткізуді бақылауға алу сұралсын.
5. Аққұм, Зертас ауылдық округтерінің әкімдері белгіленген іс-шараның уақтылы, сапалы орындалуын қамтамасыз ету және шектеу белгіленгені жөнінде ауыл тұрғындарына хабарлау тапсырылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Рысбековке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Тұрғымбеков
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының
Төлеби аудандық аумақтық
инспекция бастығы Тұрғымбеков Бейбіт Елтайұлы
Төлеби аудандық медицина
бірлестігінің бастығы Жолтаев Мырзахан Керімұлы
Төлеби аудандық санитарлық
-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы Нышанов Нұрбек Садықбекұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Оңтүстік
Қазақстан облысының Төлеби
аудандық бас мемлекеттік
ветеринариялық инспекторы Сүттібаев Орал Үсіпбайұлы