Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Әділет басқармасының 2010.05.26 N 2163/02 хатымен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 22, 23 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру және 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында шақырылғандарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жіберу өткізілсін.
2. Азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін мына құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Арапбаев Сейіткәрім Сапарбайұлы |
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Көлбаев Мәулен Андақұлұлы |
Аудандық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары |
Қожабеков Мәлік Амангелдіұлы |
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша) |
Молдахметов Ержан Құттыбекұлы |
Аудандық емхананың дәрігері, дәрігерлік комиссияның төрағасы (келісім бойынша) |
Қартбаева Ғалия Джиенғалиқызы |
Аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009.09.23 N 439 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
3. Аудандық медицина бірлестігіне (келісім бойынша)
1) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің жанындағы шақыру бекетін қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік мүлікпен қамтамасыз ету;
2) білікті дәрігер мамандар, кіші дәрігерлік қызметкерлерді жіберу;
3) шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеруге жіберілген азаматтардың уақтылы дәрігерлік тексеруден өткізу қамтамасыз ету және осы мақсатта аудандық ауруханада 10 жатақ емдеу орнын қарастыру ұсынылсын.
4. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (А.Айтбаева) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне салтанатты шығарып салу кезінде мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, меншік нысанасына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына кезекті әскери шақырылғандарды іс-сапарынан (демалыстардан) шақырып, олардың шақыру бекетіне дер кезінде келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Ауылдық округ және поселке әкімдері әскери шақырылушылардың уақтылы хабарландырылуын, аудандық жиналу бекетіне уақтылы жиналуы мен жеткізілуін қамтамасыз етіп, өз өкілін бөлсін. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне кезекті әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімін ұйымдастырсын.
7. "Т.Рысқұлов автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Қ.Сексенбаев – келісім бойынша) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшін жанар-жағармайы дайын және техникалық жағдайы жақсы автобустарды бөлу ұсынылсын.
8. Аудандық Ішкі істер бөлімі (С.Қасымбеков – келісім бойынша) әскери қызметтен бас тартып жүрген азаматтарға қолданған іс-шаралар жөніндегі мәліметтерді аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне уақтылы өткізу ұсынылсын.
9. Аудандық қаржы бөлімі (Т.Есембаева) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің шақыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Сарманов
КЕЛІСІЛДІ:
Түлкібас аудандық қорғаныс
істер жөніндегі бөлімінің бастығы Т.А. Айдаров
6 сәуір 2009 жыл
Түлкібас аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы С.А. Қасымбеков
6 сәуір 2009 жыл
Түлкібас аудандық медицина
бірлестігінің бастығы А.Б. Ақшалов
6 сәуір 2009 жыл
"Т.Рысқұлов автобус паркі"
ЖШС-ның директоры Қ.М. Сексенбаев
6 сәуір 2009 жыл