Аудан көлемінде елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын жер салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 17/4-04 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 сәуірде N 14-14-71 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы N 9/9-05 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012.11.05 № 9/9-05 Шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 383-бабына, 387-бабының 1-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына және Түлкібас аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 29 қазандағы "Түлкібас ауданындағы жерлерді өңірлерге бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімімен бекітілген жерлерді өңірлерге бөлу жобасына (схемасына) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 383-бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 37/8-04 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға жатады) Шешімімен.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     С.Қасымбек      

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С.Қалдыкөзов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады