Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 9/9-05 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Аудан көлемінде елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын жер салық ставкалары туралы" Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 17/4-04 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-71 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуірдегі "Шамшырақ" газетінің № 35-36 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 383-бабында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын".
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А.Меңлібеков
Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Қалдыкөзов