Аудан көлемінде кәсіпкерлік қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондардың құны туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 17/8-04 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 сәуірде N 14-14-75 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 11/6-05 Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 11/6-05 Шешімімен.

      Ескерту. Шешімнің атауындағы, бірінші тармағындағы және қосымшасындағы «тұлғалар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар» деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2011 12.21 № 48/4-04 Шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, 6-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аудан көлемінде кәсіпкерлік қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     С. Қасымбек
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С. Қалдыкөзов

Түлкібас аудандық мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 17/8-04 шешімімен бекітілген

      Аудан көлемінде кәсіпкерлік қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін бір жолғы талон құны

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

Бір күнге бір жолғы талон құны (теңгемен)


Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда)


1

Газеттер мен журналдар

25 теңге

2

Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет)

25 теңге

3

Бақша дақылдары

80 теңге

4

Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер

50 теңге

5

Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері

30 теңге

6

Жануарлар мен құстардың жемдері

70 теңге

7

Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық

70 теңге

8

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі

60 теңге

9

Үй жануарлар мен құстарды бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар

60 теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады