Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 11/7-05 Шешімімен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Ескерту. Шешімнің атауындағы, бірінші тармағындағы және оның қосымшасындағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар" деген сөздермен ауыстырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2011.09.28 N 45/8-04 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, 6-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Аудан көлемінде базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талон құны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С.Қасымбек
Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Қалдыкөзов
Түлкібас аудандық мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 17/9-04 шешімімен бекітілген
Аудан көлемінде базар аумағында дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талон құны
№ |
Тауар, жұмыс және қызмет түрлері |
Бір сатушыға белгіленген сауда алаңы (шаршы метр, сатушы немесе автокөлік) |
Бір күнге бір жолғы талон құны |
Базар аумағында сауда жасау, жұмыс атқару және қызмет көрсету |
|||
1 |
Ұн және кондитерлік тауарлар сату |
5 шаршы метрге дейін |
70 теңге |
2 |
Нан және нан тағамдарын сату |
2 шаршы метрге дейін |
30 теңге |
3 |
Жылқы, сиыр және қой етін сату |
5 шаршы метрге дейін |
130 теңге |
4 |
Өкпе-бауыр, ішек қарын және бас сирақ сату |
5 шаршы метрге дейін |
30 теңге |
5 |
Шошқа етін сату |
5 шаршы метрге дейін |
130 теңге |
6 |
Сүт тағамдарын сату |
2 шаршы метрге дейін |
20 теңге |
7 |
Көкөніс және жеміс жидектер сату |
5 шаршы метрге дейін |
70 теңге |
8 |
Құрғатылған жемістер және бал сату |
5 шаршы метрге дейін |
50 теңге |
9 |
Киімдер, мата, бас киімдер, аяқ киімдер сату |
5 шаршы метрге дейін |
70 теңге |
10 |
Тігін цехында қызмет көрсету |
5 шаршы метрге дейін |
70 теңге |
11 |
Аудио-видео аппараттарын сату |
5 шаршы метрге дейін |
70 теңге |
12 |
Кеңсе тауарларын және парфюмерия тауарларын сату |
5 шаршы метрге дейін |
70 теңге |
13 |
Жеңіл көліктерді, ауыл шаруашылық техникаларын және автобустарды сату |
1 автокөлікке немесе 1 техникаға |
100 теңге |
14 |
Мото-вело техникасын сату |
1 техникаға |
50 теңге |
15 |
Ірі қара мал және жылқылар сату |
1 бас үшін |
100 теңге |
16 |
Құлын және бұзау сату |
1 бас үшін |
50 теңге |
17 |
Қой, ешкі және торай сату |
1 бас үшін |
50 теңге |
18 |
Құстар мен аңдарды сату |
1 бас үшін |
30 теңге |
19 |
Жем-шөп сату |
1 сатушыға |
30 теңге |
20 |
Құрылыс материалдарын сату |
8 шаршы метрге дейін |
150 теңге |
21 |
Гүлдер, тұқым, сондай-ақ отырғызу көшет материалдарын сату |
1 сатушыға |
50 теңге |
22 |
Аяқ киім жөндеу және басқа тұрмыстық қызмет көрсету |
1 қызмет көрсетушіге |
60 теңге |
23 |
Ұсақ түйек тауарларын сату |
5 шаршы метрге дейін |
40 теңге |
24 |
Қосалқы бөлшектерді сөреден сату |
5 шаршы метрге дейін |
60 теңге |
25 |
Қосалқы бөлшектерді қолдан сату |
5 шаршы метрге дейін |
40 теңге |
26 |
Кілемдер мен паластар сату |
10 шаршы метрге дейін |
100 теңге |
27 |
Автокөліктен жеміс-жидектер сату |
1 автокөлікке |
80 теңге |