Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2012.02.07 № 42 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" Түлкібас ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 6 қарашадағы N 481 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-40 санмен тіркелген, аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде 2007 жылғы 30 қарашада ресми жарияланған) қосымшасына мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-тармақтың 4-тармақшасы алынып тасталынсын;
11-тармақ алынып тасталынсын;
15-тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қызметкерлердің еңбекақысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 46 қаулысымен бекітілген Түлкібас ауданында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жергілікті бюджеттің қаражатынан 50% және жұмыс беруші қаражатынан 50% көлемінде төленеді";
22-тармақта "департаментіне" деген сөз "басқармасына" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Сарманов