Т.Рысқұлов ауылындағы жаңадан ашылған аты жоқ көшеге Рүстем Маматаевтың атын беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігі Майлыкент ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 162 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 4 желтоқсанда N 14-14-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Т.Рысқұлов ауылындағы жаңадан ашылған аты жоқ көшеге Рүстем Маматаевтың аты берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ауылдық округ әкімі                        С. Бекбергенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады