2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 3 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 14-15-69 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Шардара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 03-434 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Шардара ауданы әкімдігінің 2010.02.16 N 03-434 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылға қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Ілесов) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Аудандық қаржы бөлімі (Н.Қалмұратов) қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Бердешовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      М. Мараим

Шардара ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
N 3 қаулысымен бекітілген

2009 жылға қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі, ұйымдардың тізбесі
 

N

Ұйымдардың тізбесі

Жұмыстардың түрлері

Жұмыспен қамтылғандардың саны, адам

1

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі

Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу халық санағы жұмыстарына жәрдемдесу

8

2

Қала әкімінің аппараты, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, қаланы көріктендіру жұмыстарына жәрдемдесу

408

3

Аудан әкімінің аппараты, аудандық білім бөлімі, аудан мектептері

Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді, үйлерді салуға және жөндеуге қатысу

10

4

Аудан әкімінің аппараты, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Шардара аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық қорғаныс істері бөлімі

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу

30

5

Аудан әкімінің аппараты

Іс жүргізу жұмыстарына көмектесу

4

6

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Шардара аудандық бөлімшесі

Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жұмыстарына жәрдемдесу

6

7

Шардара аудандық Әділет басқармасы

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу

4


Барлығы:


470

      Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарды орташа жұмыс істеу мерзімі 2 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгертілуі мүмкін.
      Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және аудандық бюджеттен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады