Көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігі Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 25 қарашадағы N 26 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 желтоқсанда N 14-15-83 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қ. Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты:
      Ақберді елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Маймақов Мұратбек көшесі;
      Пішентөбе елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Пішентөбе көшесі;
      Бимырза елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Бимырза көшесі;
      Қуанқұдық елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Қуанқұдық көшесі;
      Бозай елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Бозай көшесі деп аталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Ауылдық округ әкімі                        Б. Жамбаев
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады