Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан
Республикасы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Жаушықұм ауылдық округі әкімі
ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаушықұм ауылдық округіне қарасты:
1) Құйған ауылындағы атаусыз көше Құйған көшесі;
2) Жаушықұм ауылындағы атаусыз көше Жаушықұм төбе көшесі;
3) Қалғансыр ауылындағы атаусыз көше Қалғансыр көшесі;
4) Бағыскөл ауылындағы атаусыз көше Бағыскөл көшесі деп аталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Ж.Асқар