Семей қаласындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 68 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 1 маусымда N 2498 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына,"Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Белгіленсін:
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Семей қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Келісілді:
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс
      бассейндік инспекциясының бастығы К. Көбегенов

      13.05.2009 ж.
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      департаментінің директоры Т. Ерубаев

      13.05.2009 ж.

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2009 жылғы
13 мамырдағы
№ 68 қаулысына қосымша

Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.12.2014 № 348 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с

 

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекарасының ұзындығы (км)

Аумағы (га)

Орташа ені (м)

Шекарасының ұзындығы (км)

Аумағы (га)

Орташа ені (м)

1.
Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" баубақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі сол жағалаудағы учаскедегі Ертіс өзені

18,10

1056,32

100-1040

21,70

180,56

35-135



2.
Семей қаласындағы Ертіс өзені, Полковничий аралы

-

817,51

-

20,00

293,01

20-50

3.
Семей қаласындағы Ертіс өзені, Большой аралы

-

253,59

-

11,60

141,77

20-130

4.
Семей қаласындағы Ертіс өзені, шағын аралдар

-

292,51

-

-

292,51

-

      Ескертпе:
      1) өзен аралдарының аумағы толығымен су қорғау белдеуіне енгізіледі;
      2) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген "Семей қаласындағы Холодный Ключ кентінен бастап, "Бобровка" бау-бақша кооперативі ауданындағы қаланың шекарасына дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу" жобасының картографиялық материалында және "Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы Жамбыл көшесінің "Турист" қонақүйі мен "Чайка" кешені аралығындағы учаскесінде Ертіс өзенінің сол жағалау су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеуді түзету" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады