Семей қаласы аумағында карантиндік режим енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 73 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 11 маусымда N 2499 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі N 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.07.2014 N 199 қаулысымен.

      «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-114-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2009 жылғы 23 ақпандағы № 08/269 ұсынымы негізінде, анықталған карантиндік объект – картоптың алтын түстес жұмырқұрты ошағын оқшаулап шектеу және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Семей қаласы аумағында карантиндік режим енгізе отырып, залалданған аумақтар көлемінде карантин аймағы белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (Ж. Құндызбаев, келісім бойынша) заңмен белгіленген құзыреті шегінде, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Семей қаласының әкімі (М. Айнабеков), Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Д. Селиханов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      5. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                    Б. Сапарбаев

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Шығыс Қазақстан облыстық                       Ж. Құндызбаев

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2009 жылғы 19 мамырдағы   
№ 73 қаулысына қосымша    

Семей қаласы аумағында карантиндік режим енгізілетін
залалданған аумақ көлеміндегі карантин аймағы


р/с

Елді мекеннің
атауы

Аумақтың иесі

Карантиндік
объект

Залалданған
аумақ,
(гектар)

1

2

3

4

5

1

Семей қаласының
Приречный
ауылдық округі

«Тараненко»
шаруа қожалығы

Картоптың алтын
түстес жұмырқұрты

4,5

2

Семей қаласы

№ 1649 саяжай
учаскесі
«Бобровка»
алабы

Картоптың алтын
түстес жұмырқұрты

0,06


Жиыны



4,56

      Шығыс Қазақстан облысы
      ауыл шаруашылығы
      басқармасының бастығы                    Д. Селиханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады