Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Бұқтырма кеме шлюзінің тұсындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Бұқтырма кеме шлюзінің тұсындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Бұқтырма кеме шлюзінің тұсындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |
Келісілді: | |
Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс | |
бассейндік инспекциясының бастығы | К. Көбегенов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | |
министрлігі Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша | |
департаментінің директоры | Т. Ерубаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 77 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Бұқтырма кеме шлюзінің тұсындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/ с | Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | ||||
Шекара- сының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | Шекара- сының ұзынды- ғы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | ||
1. | Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданындағы Бұқтырма кеме шлюзінің тұсындағы Ертіс өзені | 1,25 | 69,85 | 500 | 1,22 | 14,90 | 100 |
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Бұқтырма кеме шлюзінің тұсындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи | |
ресурстар және табиғат пайдалануды | |
реттеу басқармасының бастығы | В. Чернецкий |