Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 14 шілдедегі N 14/191-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 18 тамызда N 2513 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 03 шілдедегі N 12/148-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 03.07.2013 N 12/148-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            Р. Рахимова

      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы                       В. Ахаев

Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2009 жылғы 14 шілдедегі
№ 14/191-IV шешімімен
бекітілген

Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде
жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу
ережесі

      Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
      2. Жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) қызметінің мәселелері.
      3. Тікелей өз еркін білдіру жолымен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) өткізілуі мүмкін.

2. Жиналыс (жиын) өткізу тәртібі

      4. Жиналыстар (жиындар) шекаралары белгіленген тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі елді мекендерде өткізіледі.
      5. Жиналыс (жиын) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл әкімінің, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары өкілдерінің, жергілікті қоғамдастық азаматтарының бастамасы бойынша шақырылады.
      6. Жиналыстар (жиындар) қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.
      7. Жиналыстар (жиындар) оған кем дегенде 50 адам қатысқан жағдайда, 500 адамнан кем тұрғындары бар елді мекендер үшін 25 адам қатысқан жағдайда заңды бола алады.
      8. Жиналыс (жиын) басталар алдында жиналысқа (жиынға) қатысып отырған жергілікті қоғамдастық азаматтарының ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысымен кандидатураларын жиналысқа (жиынға) тікелей қатысушылар ұсынған төраға, хатшы сайланады.
      9. Жиналыста (жиында) жиналысқа (жиынға) қатысып отырған жергілікті қоғамдастық азаматтарының ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысымен жиналысқа (жиынға) тікелей қатысушылар ұсынған күн тәртібі, жұмыс регламенті бекітіледі.
      10. Жиналыстар (жиындар) ашық болып табылады. Онда тиісті әкімнен, оның орынбасары немесе осы жиынға қатысуға әкім уәкілеттік берген аппарат қызметкерінен басқа, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуы мүмкін.
      11. Жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынның) өткізілетін күні мен орны, оның қарауына енгізілетін мәселелер жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізуге 10 күнтізбелік күн қалғанға дейін жергілікті қоғамдастықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға не болмаса басқа да түрде жария етілуге жатады.

3. Жиналыстың (жиынның) шешімі

      12. Жиналыстың (жиынның) шешімі жиынға қатысып отырғандардың басым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      13. Жиналыстың (жиынның) шешімі хаттамамен рәсімделеді. Хаттамада өткізілген күні мен орны, жиналыстың (жиынның) жұмысына қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны көрсетіледі. Хаттамаға жиналысқа (жиынға) қатысушылар сайлаған жиналыстың (жиынның) төрағасы мен хатшысы қол қояды.
      14. Жиналыстың (жиынның) шешімі ұсынымдық сипатта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады