«Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 269 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 қарашада N 2519 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2444 қаулысына, 2007 жылғы 5 мамырдағы № 46-47 (15798) «Дидар», № 66 (18304) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған («Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 513, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2482, 2008 жылғы 22 мамырдағы № 66-67 (15976) «Дидар», № 76-75 (18509) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған, «Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 75 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 288, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2494, 2009 жылғы 07 ақпандағы № 15 (16099) «Дидар», № 16 (18635) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған қаулылармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы бойынша балық шаруашылығын жүргізуге арналған балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі:
      11.11-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                           Б. САПАРБАЕВ
 

      Келісілді:

      «Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
      бастығының міндетін атқарушы          М. Вагапова
 

      «Зайсан-Ертіс облысаралық балық
      шаруашылығы бассейндік инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы       М. Қабдығали
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады