"Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелері туралы" 2004 жылғы 29 шілдедегі № 7/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 20/6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 03 ақпанда № 5-1-129 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының V сессиясының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 5/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қалалық мәслихатының V сессиясының 2012.05.24 N 5/2-V шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережелері туралы» 2004 жылғы 29 шілдедегі № 7/6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1912 нөмірімен тіркелген, 2004 жылғы 28 тамыздағы № 89 «Дидар», 2004 жылғы 26 тамыздағы № 131 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      шешімнің тақырыбындағы және 1 тармағындағы, көрсетілген шешіммен бекітілген Ережелердің тақырыбындағы «санитарлық жағдайын қамтамасыз ету,» және «жерлер мен» деген сөздер алынып тасталсын;
      шешімнің кіріспесі «жергілікті мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздерімен толықтырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ережелерде:
      12 тармақтағы «санитарлық жағдайын қамтамасыз ету,» деген сөздер алынып тасталсын;
      14 тармақтың 6) тармақшасында «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңына» деген сөздер «қолданыстағы заңнамаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      19 тармақтағы «Трамвайный парк» ЖШС» деген сөздер «өздері қарамағындағы пайдаланушы ұйым немесе ведомство» деген сөздермен ауыстырылсын;
      75 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «Құрылыс салатын жерлерге жататын жасыл желектердің кесуi мен көшiрiп отырғызуына, жер асты коммуникациялар мен инженерлiк жүйелердің салуына мүдделі ұйымдармен келісу бойынша өкілетті органның рұқсаты болған жағдайда жол беріледі. Жасыл желектердің көшiрiп отырғызуға жарамдылығын немесе кесудi комиссия анықтайды.»;
      76 тармақ алынып тасталсын;
      77 тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Жасыл желектерді кесуге рұқсат алған жағдайда тапсырыс беруші жасыл желектердің бағалау құнын төлейді немесе кейінгі күтіп-баптау жұмыстарымен берілген рұқсаттың шарттарына сәйкес тең бағалы қалпына келтіруші көгалдандыруды жүргізеді.»;
      80 тармақтың 10) тармақшасындағы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына» деген сөздер «қолданыстағы заңнамаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15 бөлім алынып тасталсын;
      114 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Д. Құсаинов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы             В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады