2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 5 "Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда N 5-2-103 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімінің 2009.06.22 N 5 шешімімен.

      Кадрлық өзгерістерге байланысты және «Нормативтік құқылық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 5 «Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған азаматтарын шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы» әкімнің (2009 жылғы 09 қаңтардағы № 5-2-100 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, 2009 жылдың 15 қаңтарында № 2 «Вести Семей», № 2 «Семей таңы» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізуге арналған комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Күшенев Ержан Мүтдәсірұлы - медициналық шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша);
      2) М. З. Искакова шығарылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қаласының әкімі                        М. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады