Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 18 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 маусымда N 5-3-77 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 07 тамыздағы N 1131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012.08.07 N 1131 қаулысымен.
      
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-4) тармақшасына және 18-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (бұдан әрі - әлеуметтік жұмыс орындары).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімде ұйымдастырылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарды ұйымдастырылады (бұдан әрі - жұмыс беруші).
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыс берушімен қаланың жергілікті атқарушы органымен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім-шарт тараптардың міндеттемелерін, жұмыс түрлері мен көлемін, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттарын, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздерін қамтуы тиіс.
      5. "Жол картасы" шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмысшылардың еңбек ақысы жергілікті атқарушы органдар жағынан республикалық бюджет қаражаты есебінен 20 000 теңге және жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа еңбек ақы мөлшерінен 0,5 көрсеткіштен 20 000 теңгеге дейін жүргізілінеді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010.05.06 N 353 қаулысымен (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған нысаналы топтағы азамат пен жұмыс берушінің арасында бекітілген еңбек келісім-шартымен белгіленеді.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушіні іріктеу келіп түскен ресми ұсыныстар шегінде кезектілік тәртібінде жүргізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімі                           А. ГЕНРИХ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады