Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012.08.14 N 1145 қаулысымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабы 5-4) тармақшасына, 18-І бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, "Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 қаулысына, «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 18 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 30 маусымда 5-3-77 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2009 жылғы 18 шілдедегі 113-114 нөмірлерінде, «Рудный Алтай» газетінде 2009 жылғы 20 шілдедегі 111 нөмірінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының 5 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. «Жол картасы» шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмысшылардың еңбек ақысы жергілікті атқарушы органдар жағынан республикалық бюджет қаражаты есебінен 20 000 теңге және жұмыс берушінің қаражаты есебінен орташа еңбек ақы мөлшерінен 0,5 көрсеткіштен 20 000 теңгеге дейін жүргізілінеді».
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі А. ГЕНРИХ
Әкімдіктің 2009 жылғы 15 маусымдағы N 18 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Күшін жойғанШығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 6 мамырдағы N 353 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 маусымдағы N 5-3-91 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы N 1145 қаулысымен
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз