Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - (Риддер қаласы әкімі аппаратының 2010.06.11 № 2-22-3773 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына сәйкес 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру шаралары туралы 2001 жылдың 23 қаңтарынан “Халықты жұмыспен қамту туралы” 2001 жылғы 19 маусымындағы № 836 қаулысы, халықты жұмыспен қамту саясаты жұмыстарын қарқынды жүргізу мақсатында, Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сүйене отырып 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Риддер қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 1302 «2009 жылға Риддер қаласы бойынша төлемақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде 2009 жылдың 17 ақпанында № 5-4-108 тіркелген, 2009 жылдың 06 наурызында № 10 «Вечерка» газетінде жарияланған):
осы қаулының № 1 қосымшасында көрсетілген Риддер қаласы бойынша 2009 жылғы ұйымдастырылатын қосымша төлемақылы қоғамдық жұмыстар кәсіпорындар, мекемелер, акционерлік қоғамдар, бірлестіктер және жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктердің қосымша тізімдемесі толықтырылсын (№ 1 қосымша);
осы қаулының № 3 қосымшасында көрсетілген Риддер қаласы бойынша 2009 жылғы төлемақылы қоғамдық жұмыстардың шарттары және көлемінің қосымша тізімі енгізілсін (№ 3 қосымша).
2. Қаулының орындалуын қадағалау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеу күнінен кейін күшіне енеді, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн арасында қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 наурызынан бастап пайда болған қатынастарға тарайды.
Риддер қаласының әкімі Н.Х. Тілемісов
2009 жылғы 26 наурыздағы № 1448
Риддер қаласы әкімдігінің
қаулысына № 1 қосымша
2009 жылы Риддер қаласы бойынша төленетін қоғамдық жұмыстар
ұйымдастырылатын жауапкершілігі шектелген серіктестіктің және
қоғамдық бірлестіктің, акционерлік қоғамның, мекемелердің,
кәсіпорындардың қосымша тізімі
№ |
Жұмыс |
Қоғамдық |
ҚЖҰ |
Қаржыландыру |
Еңбекті |
||
Барлық |
соның |
бюджет |
жұмыс |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Риддер |
Қаулыға |
4 |
15379-50 |
15379-50 |
||
2 |
Шығыс- |
Қаулыға |
4 |
15379-50 |
15379-50 |
||
3 |
«Гемма» |
Қаулыға |
4 |
15379-50 |
15379-50 |
||
4 |
Риддер |
Қаулыға |
2 |
15379-50 |
15379-50 |
||
Қорытынды |
14 |
2009 жылғы 26 наурыздағы № 1448
Риддер қаласы әкімдігінің
Қаулысына № 3 қосымша
2009 жылға Риддер қаласы бойынша қосымша төлемақылы қоғамдық
жұмыстардың көлемі мен шарттар тізімі
1. Риддер қаласының мамандандырылған әкімшіліктік соты.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті сағат 9-00 ден 18-00 ге дейін.
Жұмыс аптасының жалғасуы – 5 күн.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
- құжаттармен жұмыс;
- мұрағатпен жұмыс;
- қатынас қағаздарды жеткізу бойынша жұмыс
2. Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша әлеуметтік қорғау комитеті және бақылау бойынша департамент» мемлекеттік мекемесі.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті сағат 9-00 дан 18-00 ге дейін.
Жұмыс аптасының жалғасуы – 5 күн.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
- құжаттармен жұмыс;
- қатынас қағаздарды жеткізу бойынша жұмыс.
3. «Гемма» шаруашылығы.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті сағат 9-00 дан 18-00 ге дейін
Жұмыс аптасының жалғасуы – 5 күн.
Жұмыстың көлемі мен түрлері:
- қар тазалау, отын дайындау, аттарды ұстау үшін арналған қораны тазалау бойынша жұмыс;
- туристік ғимаратты ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс.
4. Риддер қаласы бойынша аймақ аралық қаржы полиция бөлімі.
Жұмыс шарты:
Жұмыс күнделікті 9-00 ден 18-00 ге дейін.
Жұмыс аптасының жалғасуы -5 күн.
Жұмыс көлемі мен түрлері:
- құжаттармен жұмыс;
- мұрағатпен жұмыс;
- қатынас қағаздарды жеткізу бойынша жұмыс.