"Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі N 18/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда № 5-4-116 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 32/8-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 32/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
 
 
      Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңы негізінде, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, азық-түліктің жеке түрлеріне бағаның өсуіне байланысты, мұқтаж азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV “Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы” (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылдың 06 ақпанында № 5-4-107 тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпанында № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 16/6-IV енгізілген шешіміне толықтырулармен қоса “2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV “Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы” (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылдың 13 мамырында № 5-4-112 тіркелген, 2009 жылдың 15 мамырында № 20 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне толықтырулар енгізу туралы шешіміне келесі өзгерістер мен қосымшалар енгізілсін:
      1. 1 бөлім «Жалпы ережелер» 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Негізгі нұсқау жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын, Риддер қаласы аумағындағы және оның ауылды елді мекендерінде тұратын, оралмандарға, жеке санаттағы мұқтаж азаматттарға әлеуметтік көмек көрсету аумағында заңнаманың қолданылуын нақтылайды».
      2. 6 бөлімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      «6. 1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысы Жеңісін мерекелеуге сыйлық беру».
      3. 7 бөлімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      «7. “Алтын алқа”, “Күміс алқа” белгілерімен және 1,2 дәрежелі “Ана даңқы” орденімен марапатталған, сондай-ақ 4 немесе одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар» көп балалы аналарға материалдық көмек.
      4. 8 бөлімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      «8. Балаларды қорғау күніне мүмкіншіліктері шектеулі балалары бар отбасыларға материалдық көмек».
      5. 9 бөлімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      «9. Мүгедектер және қарттар күніне материалдық көмек».
      6. 12 бөлімнің атауы келесі редакцияда жазылсын:
      «12. Ауғаныстан жерінен әскерді әкету күніне біржолғы материалдық көмек».
      7. 13 бөлімдегі “Тісті протездеуге әлеуметтік көмек (қымбат бағалы металдар протезінен басқа)” 44 тармақты 1-5 тармақшаларымен толықтыру және келесі редакцияда жазылсын:
      «Риддер қаласы аумағында тұрақты тұратын, азаматтарға тісті протездеу және емдеудің шығындарын қайтару ұсынылады 44.:
      1) 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және мүгедектеріне;
      2) Ленинград қоршауы мерзімінде жұмыс істеген жұмысшыларға, азаматтарға «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған және «Ленинград қоршауы тұрғыны» белгісімен;
      3) Бұрынғы фашистік концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған тұтқындары;
      4) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы (ерлікпен қаза тапқан, қайтыс болған, белгісіз жоғалған) жауынгерлердің жесірлері;
      5) Бұрынғы ССР Одағының медалімен марапатталған немесе 1941-1945 жж.Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істеген ерен еңбегі және қайсарлық әскерлік қызметі үшін, сонымен қатар 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 09 мамырына дейінгі уақыт аралығында 6 айдан кем емес мерзімінде қызмет істеген тұлғалар».
      8. 16 бөлімдегі “Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек” 61 тармақтағы “күніне 100 (жүз) теңге” сөзі “күніне 200 (екі жүз) теңге” сөзімен ауыстырылсын.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.

      Кезекті сессия төрағасы               В. КЛИМОВ

      Қалалық мәслихатының хатшысы          А. ЕРМАКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады